РОӘК ОӘБ «Әлеуметтік қамсыздандыру» секциясының әдістемелік семинары «Әлеуметтік қызмет көрсету нарығы және эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру»

2019 жылы 19 қаңтарда сағат 11.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Әлеуметтік қызмет көрсету нарығы және эксперименттік-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру” тақырыбында әдістемелік семинар өтеді.

Іс-шараны әлеуметтік ғылымдар факультетінің “Әлеуметтану” кафедрасы ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы “Әлеуметтік жұмыс жөніндегі Ұлттық қор орталығының” директоры Л. Т. Нуркатова, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К. К. Альхожаев, Біріккен Ұлттар Ұйымының маманы Н. Каримов және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Б. Б. Қашхынбай, әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Э. С. Отар, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысады.

Модератор: Отар Э.С. – “Әлеуметтану” кафедрасының меңгерушісі, “Әлеуметтік қамтамасыз ету” дайындау бағыты бойынша РОӘК ОӘБ секциясының жетекшісі.

Семинар аясында келесі тақырыптар талқыланады: «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында эксперименттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, «Әлеуметтік жұмыс дамуының институционалдық негіздері», «Аса мұқтаж отбасылармен әлеуметтік жұмыстағы инновациялық тәсілдер: БМСК әлеуметтік қызметкерінің алгоритмдері, стандарттары мен құралдары», «Қазіргі заманғы әлеуметтік қызметкердің жаңа рөлі», «Денсаулық сақтаудың мамандандырылған орталықтарындағы психоәлеуметтік оңалту».

Семинардың өтетін орны: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, №4 оқу ғимараты, 106 аудитория.