Ағылшын тілі пәнінен олимпиада өткізіледі

2019 жылдың 17 қаңтарында сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқушылардың іргелі ғылым салалары бойынша танымдық және шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында ағылшын тілі пәнінен олимпиада өткізіледі. Олимпиада 1 турдан және 2 кезеңнен тұрады:

1-кезеңінде пән бойынша IELTS форматта сұрақтарға жауап беру;

2-кезеңінде жүлдегерлерді анықтап, марапаттау.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мекемелердің (мектеп, гимназия, лицей) 11-сынып оқушылары қатыса алады. Оқушыға бір пән бойынша ғана қатысуға рұқсат етіледі.

Қатысушыларға ағылшын пәні бойынша 3 тапсырма беріледі.

Тапсырмаларды бағалау критерийлері:

1.Бірінші тапсырма Listening section. 30 мин

2.Екінші тапсырма Reading section. 20 мин (1 текст)

3.Үшінші тапсырма Speaking section. 15 мин

Тапсырмаларды орындау уақыты – 1сағат 15 минут.

Ұйымдастыру комитеті өтінімді 2018 жылдың 16 қаңтарына дейін қабылдайды. Өтінім төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады: Olympiada_IELTS_ENU@mail.ru, қосымша ega.125@mail.ru.

Барлық сұрақтар бойынша мынамекенжайға хабарласуға болады: Астана қаласы,Қажымұқан, 11., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шетел теориясы мен тәжірибесі кафедрасы (ОЗҒ 228).

 

Ақпараттық хат