Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің xалықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасы 2019 жылдың 18 қаңтарында шетел тілдері (ағылшын, неміс, француз) бойынша мектепаралық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Өткізу кезеңдері:
I тур- Тыңдалым ;
II тур- Лексика-грамматикалық тест;
III тур- Ұсынылған тақырыпқа айтылым.
Олимпиаданың келесі кезеңіне қатысу құқығын жеке есепте әр кезеңнің қорытындысы бойынша 70% – дан астам балл жинаған қатысушылар алады.
Олимпиадаға қатысу өтініштерін ұйымдастыру комитеті 2019 жылдың 16 қаңтарына дейін мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті,шет тілдер кафедрасы 403 ауд. немесе e-mail.: inyazFMO2020@yandex.ru
Ұйымдастыру комитетінің телефондары:
8 (7172) 70-95-00 , 31-430, 31-435 (шет тілдер кафедрасы)