Ағылшын тілінен аударма бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында олимпиада өткізіледі

2019 жылдың 18 қаңтарында Филология факультеті, аударма теориясы мен практикасы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен ағылшын тілінен аудармаға қатысты 9-11 сынып оқушылары арасында олимпиада өткізіледі. Олимпиадаға Астана, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды және Екібастұз қалаларынан ағылшын тілін жетік меңгерген білім алушылар шақырылған.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың қазақ-ағылшын, орыс-ағылшын және керісінше аударма жасау қабілеттерін дамыту, аударманың ауызша, жазбаша, ілеспе, ізбе-із аудару сияқты түрлерін меңгерту. Сонымен қатар: тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, бірнеше тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, университетіміздің білім беру жүйесімен таныстыру;

Өткізілетін орны – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимараты (3 қабат), 320, 305, 307-дәрісханалар

Басталуы: сағат 9:00