Құрметті 11-ші сынып оқушылары!
Сіздерді, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2019 жылдың 17 мен 21 қаңтар аралығында өтетін аймақтық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.
Аймактық пәндік олимпиада мақсаты: Дарынды балалар мен талантты оқушыларға қолдау көрсету және анықтау. Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауына көмек көрсету.
Аймақтық олимпиада 14 пән бойынша өткізіледі:
17.01.19 ж – «қазақ тілі», «қазақ әдебиеті», «география», «дүниежүзі тарихы», «Адам, Қоғам, Құқық», «шетел тілі» (9.00-10.00 – қатысушыларды тіркеу, 10.00- олимпиаданың басталуы);
18.01.19 ж. – «орыс тілі» (14.00-15.00 – қатысушыларды тіркеу, 15.00- олимпиаданың басталуы);
20.01.19 ж. – «математика», «физика», «биология», «химия» (9.00-10.00 – қатысушыларды тіркеу, 10.00- олимпиаданың басталуы);
21.01.19 ж. – «сызу», «сурет», «кескіндеме» (9.00-10.00 – қатысушыларды тіркеу, 10.00- олимпиаданың басталуы).
Олимпиада жеңімпаздарын анықтау және марапаттау рәсімдері жоғарыда көрсетілген мерзімде өткізілетін болады.
Олимпиадаға қатысқысы келетін оқушылар (http://www.enu.kz/info/okigalar/ayma-ty-p-ndik-olimpiada-/) белгіленген үлгіге сәйкес онлайн режимінде тіркеледі. Тіркеу кезінде 1 қосымшаға сәйкес қатысушының тіркелу картасы шығарылады.
Олимпиада өткізілетін күндері қатысушылардың өздерімен бірге: жеке куәлігі (түпнұсқа) немесе туу туралы куәлігі (түпнұсқа) болуы қажет.
Әр қатысушы 1 олимпиадалық пән таңдай алады.
Олимпиадаға қатысуға тіркелудің соңғы мерзімі Олимпиаданың басталуына дейін 2 жұмыс күн бұрын аяқталады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.
Өткізілу орны:
1) Қажымұқан көшесі, 13А, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Сәулет-құрылыс факультетінің ғимараты.
2) Қажымұқан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ОҒЗ №5
9.00-10.00 – қатысушыларды тіркеу
10.00 – олимпиаданың басталуы