ЕҰУ студенттерінің назарына! Ғылыми кітапхана «Кітаппен бірге өсеміз» фотосайысын жариялайды

Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері!

Студенттердің назарын кітап оқуға аудару мақсатында ғылыми кітапхана «Кітаппен бірге өсеміз» фотосайысын жариялайды. Сайысқа Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары мен оқытушылары бейнеленген сюжеттік фотосуреттер қабылданады.

Фотосайыстың өткізілу мерзімі: 2019 жылдың 15 қаңтарынан 15 сәуіріне дейін.

Фотосурет байқауының шарттары туралы www.lib.enu.kz веб-сайтында немесе тікелей ғылыми кітапхананың Ғылыми-әдістемелік бөліміне (Пушкин к-сі, 11, кабинет 207, ішкі тел. 36204) хабарласу арқылы білуге болады.