«Қазақ тіл білімінің актуалды мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер, докторанттар және магистранттар!

2019 жылы 25 қаңтарда сағат 10.00-де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жоғары мектебі ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Байынқол Қалиұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімінің актуалды мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция аясында мынадай секциялар бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда:

· Лексикология мәселелері

· Лексикография мәселелері

· Терминология мәселелері

· Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы мәселелері 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің конференц залы.

Конференцияға қатысу үшін тапсырыстарды, баяндаманың мәтіндерін және 3500 теңге жарнаны қаңтар айының 10-не дейін мына мекен-жайға тапсыруларыңызға болады: Байланыс телефондары: 8 (7272) 92-03-84; 92-03-85 (ішкі: 3330) немесе электронды пошта бойынша жіберіңіздер: gulsсhira_68@mail.ru, Bayan-kanatovna@mail.ru.

  

Ақпараттық хат