2018 жылдың 25 желтоқсан күні жаңартылған орта білім беру бағдарламасының аясында ағылшын тілінде оқыту туралы мәселелер бойынша семинар ұйымдастырылады

2018 жылдың 25 желтоқсан күні сағат 16.00-де жаратылыстану факультетінде жаңартылған орта білім беру бағдарламасының аясында «Жаратылыстану ғылымдарында көптілді білім беруді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары» атты тақырыпта семинар өткізіледі. Семинар «Химия», «Биология» білім беру бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде оқытудың өзекті мәселелеріне арналған. Семинар жұмысында «Назарбаев зияткерлік мектібі» АҚ және Республикалық физика-математикалық мектеп өкілдері қатысады.

Өткізу орны: Қажымұқан көшесі, 13. ОЗК №3 корпусы, Жаратылыстану факультеті, 333 аудитория