22 желтоқсанда дәстүрлі «Ақселеу оқулары» өтеді

2018 жылдың 22 желтоқсанында Журналистика және саясаттану факультеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының Ақселеу Сейдімбек атындағы Ғылым залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері, белгілі журналист, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз Ақселеу Сланұлының туған күніне орай дәстүрлі «Ақселеу оқуларын» өткізеді.

Басталуы: сағат 11:00