21 желтоқсанда оқу-әдістемелік бірлестіктерінің отырысы өтеді

2018 жылдың 21 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) Оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) отырысы өтеді:

– сағат 9.00–де «Бизнес және басқару» дайындау бағыты бойынша ОӘБ «Аудит және салық салу» секциясының отырысы;

– сағат 11.00–де «Гуманитарлық ғылымдар» дайындау бағыты бойынша ОӘБ «Түркітану» секциясының отырысы;

– сағат 16.00–де «Журналистика және ақпарат» дайындау бағыты бойынша ОӘБ отырысы;

– сағат 14.00–де «Әлеуметтік қамсыздандыру» дайындау бағыты бойынша ОӘБ отырысы.

Өтетін орны: Сәтпаев көшесі, 2, ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 259 ауд.