“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында PR және коммуникация бойынша “PR DAY” атты Астана қалалық мектептердің 10-11 қазақ сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада өтеді

Асқақ елорданың құрметті талантты мектеп оқушылары! 

Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті  Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында PR және коммуникация бойынша “PR DAY”  атты Астана қалалық мектептердің 10-11 қазақ сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада ұйымдастырады. Шара толық форматтағы олимпиада түрінде өтеді. Бұл мықты пиар және маркетинг мамандарымен кездесуге таптырмас мүмкіндік болмақ. Сонымен қоса, бренд-менеджерлер мен имиджимейкерлерден болашаққа ақыл-кеңес ала аласыздар. Ең бастысы, сөз жетпес аса БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР беріледі.

Қатысу тегін.

Шараның хэдлайнеры “СПАРТА Астана” КВН командасы болмақ . Жүлде қоры 100 000 тенге!!! Шара барысында сіздерді концерттік бағдарлама мен кофе-брейк күтеді. Кел, қосыл бізге, жас дос!

Олимпиада талаптары: 

– мектептің 10-11 сынып оқушысы болу

– креативтілік

– жазу жане сөйлеу қабілеті 

– ұмтылыс пен жігер

– жоғары көңіл-күй

Мекен-жайы: Астана қаласы, Янушкевич көшесі, 6 үй

Байланыс: +7-775-742-6802

Осы сілтеме арқылы тіркеліңіз: https://goo.gl/forms/heAOQOeoRINpAGwl2