«Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» атты форум

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығымен бірлесіп, 2018 жылғы 29 қарашада Астана қаласында «Еңбек нарығының болашағы: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында форум өткізуді жоспарлап отыр.

Форумның мақсаты – жаһандық және өңірлік еңбек нарығындағы трендтерді шетелдік және отандық сарапшылармен талқылау, еңбек нарығының келешегі мен даму перспективаларын анықтау, оның ішінде 4.0 Индустриясы жағдайында кадр даярлау жүйесін өзгерту, жұмыспен қамтудың жаңа нысандарының таралуын және еңбек нарығындағы инклюзивтілік ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін бейімдеу мәселелерін талқылау.

Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-Минис трі, Парламент депутаттары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, халықаралық ұйымдардың (ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, ЭБФ, ХЕҰ), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүше компаниялардың (EBRD, Eni, Shell, EY, Glencore, Polymetal, Citibank, PwC, Polpharma, Chevron, Knauf, TMK, ERG), әлемдік жетекші консалтингтік компаниялардың (McKinsey & Company, The Boston Consulting Group) және шет елдердің, ірі жұмыс берушілердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

 

Форум тұжырымдамасы (орысша)