2018 жылғы 16 қарашада Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің 20 жылдығына арналған «Жоғары білім беру жүйесі: дәстүр және инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция бағдарламасы:
09:00 – 09:45 Конференцияға қатысушыларды тіркеу
10:00 – 13:00 Конференция жұмысы
13:00 – 14:00 Үзіліс
14:00 – 15:45 Университеттің ғылыми-инновациялық және әлеуметтік жобаларымен таныстыру; Әскери кафедрадағы арнайы іс-шара; «Уақыт капсуласын» орнату; Түлектер қауымдастығы жобасы.
16:30 – 18:30 Салтанатты мәжіліс (Абай атындағы музыкалық-драма театры).
Өтетін орны: Семей қаласы, КазГЮИУ бас ғимараты (Мәңгілік Ел к-сі, 11).