Назар аударыңыз! Білім алушыларға әлеуметтік көмек туралы ақпарат

Әлеуметтік көмек келесі білім алушыларға арналған:

1. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек білім беру ұйымына келесі растайтын құжаттар арқылы беріледі:

1. Ата-анасының немесе қамқоршының атынан Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы У.А. Нурпеисовтың атына жазбаша өтініш;

2. Оқитын жерінен анықтама;

3. Жеке куәліктің көшірмесі; 

4. ТУУ туралы куәліктің көшірмесі;

5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтама көшірмесі;

6. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысына жататындығын растайтын анықтама;

7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алатын табысы туралы (жұмыс істейтін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түскен кірістер, балалар мен басқа да асыраудағы жандарға алимент түрінде алынатын кірістер) ақпарат;

8. Ата-анасының жұмыссыз екені жөнінде анықтама; 

9. Студенттің ағымдағы шот нөмірі (20 сандық банкке барып алу). 

Толық ақпарат: Бас ғимарат 304 каб. ішкі тел: 31-356