Ақын, дін және қоғам қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жылдығына арналған «Файзолла Сатыбалдыұлы және рухани даму мұраты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Үстіміздегі жылдың 8 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңес залында (№259) сағат 10.00-де ақын, дін және қоғам қайраткері Файзолла Сатыбалдыұлының 135 жылдығына арналған «Файзолла Сатыбалдыұлы және рухани даму мұраты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференция модераторы – ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Д.Қамзабекұлы.

Конференция ҚР Мемлекеттік сыйлығының және ТМД «Достастық жұлдыздары» сыйлығының лауреаты, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі С. Қасқабасовтың кіріспе сөзімен ашылады.

Іс-шара барысында Ф. Сатыбалдыұлының «Көкірегім – алтын көмбе» (құрастырған Р.С. Зияуйтденов) атты кітабының тұсаукесері болады.

Пленарлық бөлімде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абай Тасболатов, ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, ЕҰУ Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, Денизлы қаласындағы Памуккале университетінің профессоры, Ph.D (Түркия Республикасы) Мұстафа Арслан, Астана әкімдігі тілдерді дамыту және архи ісі басқармасы бөлім басшысы, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айбек Қалиев, ЕҰУ аймақтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Құрманғали Дәркенов, ЕҰУ дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тиышхан, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұл, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер баяндама жасайды.

Құрметті қонақтар арасында әлеуметтану профессоры (Украина Республикасы) Петро Токарь, философия профессоры, Ph.D (Түркия Республикасы) Синан Өзбек, әлеуметтану профессоры, Ph.D (Түркия Республикасы) Хаяти Бешерли бар.

Конференция жұмысына Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, Арқалық мешітінің бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев, ақын, әдебиет сыншысы Жұма-Назар Сомжүрек, Файзолла ишан ұрпағы Рамазан Зияуйтденов, ҚР Журналистер одағының мүшесі Мақсұтбек Сүлеймен, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай өзге де белгілі тұлғалар қатысады.