«Қазіргі білім жүйесіндегі интеграциялық үдерістер және тіл мәртебесін арттыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан Республикасы) филология факультеті практикалық қазақ тілі кафедрасы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған «Қазіргі білім жүйесіндегі интеграциялық үдерістер және тіл мәртебесін арттыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2018 жылдың 9-10 қараша аралығында өткізіледі.

Талқыланатын мәселелер:

Тілдерді оқытудағы заманауи бағдар және латын әліпбиінің мәселелері;

Тілдерді екінші тіл ретінде оқыту мәселелері;

Білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар;

Мультилингвалды кәсіби-бағдарлы тілдік тұлғаны қалыптастыру.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне:

·         қатысуға өтінім;

·         баяндама мәтінін жолдау қажет.

Жұмыс тілі: қазақша, орысша, қытайша, ағылшынша.

Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады деп жоспарлануда (PDF форматында).

Тіркеу жарнасы – 3000 теңге, шетелдік азаматтар үшін – 10$ (АҚШ доллары).

Өткізілетін жері: Астана қаласы, Сатпаев көшесі 2.

Жауапты хатшылар:

Абдуова Баян Серікбайқызы: Bayan1968@mail.ru

Асанова Ұлмекен Отарқызы: assanova_62@mail.ru

Жұмаділова Мейрамгүл: m.zhumadilova@mail.ru

Тел.: +7 (727) 709500 (ішкі: 32-233; 32-203).

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы ақпарат Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің http://ff.enu.kz/ ресми сайтында орналастырылған.

 

Ақпараттық хат