«Рухани жаңғыру және Алаш мұраты» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

2018 жылдың 5-6 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жыл сайынғы дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясында «Рухани жаңғыру және Алаш мұраты» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өтетінін хабарлайды

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

·        Ахмет Байтұрсынұлы және латын әліпбиінің мәселелері

·        Ахмет Байтұрсынұлы және тарихи-мәдени мұра.

·        Ахмет Байтұрсынұлы және әдеби мұра

·        Ахмет Байтұрсынұлы және түркітану мәселелері

·        Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық педагогика, оқыту әдістемесі

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.

Мақала 2018 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге. Есеп шоты: 4402 5735 3977 7708 (халық банк) ИИН 670504300018. Ескерту: шетелдік зерттеушілердің мақаласы жинаққа тегін енгізіледі.

Мақалалар мына мекен-жайда қабылданады: Астана қаласы, Қажымұқан, 11., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасы (ОЗҒ 201).

E-mail: baytursynov17@mail.ru

Жауапты қабылдаушылар: Бекжан Әбдуәлиұлы 8 771 253 59 59, Шоқабаева Салтанат 8 777 161 29 66

 

Ақпараттық хат