«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақ технология және бизнес университеті Сіздерді 2018 жылдың 21 қарашасында өтетін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Жұмыс түрі: толық және сырттай қатысу, конференция материалдарын жариялау.

Секциялар бойынша конференция жұмысының бағыттары:

1. Қазақстанды жаңғырту жағдайындағы азық-түлік технологиясын, стандарттауды және биотехнологияны дамытудың жаңа мүмкіндіктері;

2. Химиялық және технологиялық ғылымдар: бейорганикалық және органикалық заттардың және олардың қалдықтарының химиясы мен технологиясы, тіршілік қауіпсіздігі.

3. Жасыл экономика, экология және қоршаған ортаны қорғау.

4. Қоғамның жаратылыстану-ғылыми дамуы және жаңа ақпараттық технологиялар (физика-математикалық ғылымдар, ақпараттық және есептеу технологиялары);

5. Жеңіл өнеркәсіптегі дизайн, технологиялар және инновациялар;

6. Мемлекет және бизнес: мемлекет және жергілікті басқару, экономика, қаржы және аудит;

7. Қызмет көрсету саласындағы менеджмент және кәсіпкерлік;

8. Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылым және лингвистика.

Ғылыми мақалалар конференция жинағында жарияланатын болады. Конференцияға қатысушыларға сертификаттар беріледі, ал конференция жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.

Өтініштер мен материалдарды жариялауға беру тәртібі:

2018 жылдың 12 қарашасына дейін қатысушылардың өтініштері (берілген қосымша бойынша), ұйымдастыру жарналары мен ғылыми мақалалар (төменде көрсетілген талаптарға сәйкес) қабылданады.

Тезистер уақытында ұсынылып, конференция тақырыбына және ресімдеу талаптарына сәйкес келіп, сондай-ақ ұйымдастыру жарнасы уақтылы аударылса конференцияның ғылыми мақалалар жинағына енгізіледі. Көрсетілген талаптарды қанағаттандырмайтын материалдар қарастырылмайды.

Конференцияға қатысуға өтініш электрондық пошта арқылы жіберіледі (файл түрінде салынған). Өтініш үлгісі осы хатқа қосымша түрінде беріледі.

Ғылыми мақалаларды электрондық пошта арқылы ұсыну қажет (файл түрінде салынған).

Конференцияға қатысушылар үшін ұйымдастыру жарнасы 4 000 теңгені құрайды (жинақты жариялау шығындарын қамтиды).

Конференцияға басқа қалалардан келген қатысушылардың жол жүруіне және тұруына байланысты шығындар іс-сапарға жіберуші тарабы есебінен төленеді.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ

000010, Астана қ., Мухамедханов Қайым к-сі , 37А. Байланыс телефоны: 8 (7172) 27 92 30,

Электрондық пошта: kazutbnauka@gmail.com

 

Ақпараттық хат