«Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдiстер мен этномәдени диалог» атты Қазақстан халқы Ассамблеясы Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы

Құрметті әріптестер! 

2018 жылдың 30 қазанында «Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдiстер мен этномәдени диалог» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысына қатысуға шақырамыз (өткізу орны: Астана қ., Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44).

Іс-шараның мақсаты: Орталық Азия аймағындағы этноәлеуметтік заманауи үдерістері туралы пікір алмасу; қоғамдық сананың жаңғыру жағдайындағы этномәдени диалогтың дамуының өзекті трендтерін анықтау.

Іс-шара жұмысының негізгі бағыттары:

– мемлекеттік-азаматтық, өңірлік және этникалық бірегейлікті қалыптастыру үдерінің жаңғыруы;

– жаңа әлеуметтік жағдайдың факторларын талдау;

– этнодемографиялық үрдістердің өзекті мәселелері;

– мигранттардың бірігуі мен бейімделу мәселелері;

– жастар этномәдени диалогта;

– этносаралық және дінаралық байланыстағы жастар;

– Орталық Азия елдері байланыстарының келешегі;

– Орталық Азияның тұрақты және бейбітшілік даму сұрақтару;

– АСЕМ «People to people» бастамаларын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін талқылау.

Қатысушылардың құрамы: мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус өкілдері, Назарбаев университетінің профессорлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтар мен жоғарғы оқу орындарының кафедра өкілдері, қоғамдық қайраткерлер, ғылыми және шығармашылық қауым, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері.

Іс-шараның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Пленарлық отырыстың басталуы сағат 10.00-де.

Қатысуға және баяндамамен қатысуға өтінімді 2018 жылғы 26 қазанға дейін Dosmaganbetova.Nazgul@bk.ru поштасына жіберуді сұраймыз, Досмаганбетова Назгульүйлестіруші, 741280, 87052916475

Ақпараттық хат