Әдістемелік-нұсқаулық жиналыс

2018 жылдың 26 қазанда университеттегі кәсіптік практика мәселелері бойынша әдістемелік-нұсқаулық жиналыс өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу кезеңінде пайда болатын өзекті мәселелер бойынша нақты сындарлы шешімдерді әзірлеу және маңызды мәселелерді шешу.

Іс-шараны ұйымдастырушы ‒ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Академиялық мәселелер департаментінінің Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі.

Әдістемелік-нұсқаулық жиналысқа факультеттер мен кафедрадағы практикаға жауапты тұлғалар қатысады.

Жиналыс барысында университеттегі кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыру және жүргізуді реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар және кафедрадағы кәсіптік практикаға қажетті құжаттардың бар болуы туралы мәселелер талқыланады.  

Басталуы: сағат 17:00