Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары өтеді

2018 жылдың 5 қарашасында сағ. 10.00 – де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D010300 – «Педагогика және психология», 6D050300 – «Психология», 6D010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», 6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары болады.

Күн тәртібінде:

1. Маманова Алма Шарипуллинаның 6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Болашақ әлеуметтік педагогтің деонтологиялық құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Ғылыми кеңесшілері: Кертаева К.М.. педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры; Мардахаев Л.В. – Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу).

Диссертациялық жұмыс Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасында орындалған.

2. Маударбекова Баян Қанатбековнаның 6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Основные тенденции процесса интерноционализации в мировом высшем образовании» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Ғылыми кеңесшілері: Дюсембинова Р.Қ.. – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы; Мызыкаджы Ф. Анкара университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы (Ph.D) (Түркия).  

Диссертациялық жұмыс І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында орындалған.

Талқылау Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 203 аудиториясында өтеді (корпус №4)