Эразмус+ ЖББӘА жобалары нәтижелерінің көрмесі және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні

2018 жылдың 25 қазан күні Астана қаласында Эразмус+ ЖББӘА жобалары нәтижелерінің көрмесі және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні өткізіледі.

Бұл іс-шара бүкіл Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарының өкілдерін, ұлттық билік органдарын, ЕО-ға мүше мемлекеттер елшіліктерін және басқа да мүдделі ұйымдарды біріктіреді. Іс-шараны Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен, Білім және ғылым министрлігімен және Қазақстан Ректорлар Кеңесімен, Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырады.

Өткізілетін іс-шараға Еуропалық Одақтың денсаулық сақтау және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Комиссары Витянис Андрюкайтис және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссон қатысады деп күтілуде. Іс-шара өткізу алаңы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарапынан берілді.

Өтетін орны: Астана қ., Сәтпаев көшесі 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Бас ғимарат.

Уақыты: сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Баспасөз хабарламасы