«Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіндегі ведомстволық білім беру: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ағымдағы 2018 жылдың 25 қазанында «Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіндегі ведомстволық білім беру:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Жалпы білім және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы болып табылады.

Конференция бағдарламасы бойынша, ҚР ІІМ оқу орындарындағы ведомстволық білім беру потенциалын дамыту, оның мазмұнын қайта зерделеу, бүкіл білім беру ұстындары мен кәсіби дайындық түрлерін жаңғырту, ІІО қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтерудегі басты бағытты айқындау мақсатында инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді жолдарын таңдау, ведомстволық білім берудің нормативтік, ақпараттық және материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселелері қаралмақшы.

Бағдарламаның пәндік-мақсаттық ұстанымдары мемлекетіміздің білім беру мен ғылым саласындағы ағымдық және болашақтағы саясатының өзекті ұстанымдарына сай түзілген.Конференция тақырыбына сай келетін мақалалар арнайы жинақта жарияланатын болады. Сізді және Сіздің қызметкерлеріңізді конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Қабылданатын материалдарға мынадай талаптар қойылады: мақаланы Word 6,0 или 7,0 (Windows’2000) редакторы RTF пішінде теру керек, бет үлгісі – А4, шрифті – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14, жаңа жол басындағы бос жер – 1 см, мәтін ені түзуленген, беттер нөмірленбеген, жолдар аралығы – біржарымдық; беттің өлшемдері (сол және оң жағы, жоғары, төменгі жақтары) – 2 см, мақала көлемі 7 беттен аспау қажет.

Мақалаға қосымша:

1. Авторлар туралы мәлімет: аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, шені, атағы, ғылыми дәрежесі, үйінің және қызмет орнының телефон нөмірлері.

2. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақаланың қысқаша негізгі мазмұнын беретін түйін (резюме).

3. Мөрмен расталған ғылым кандидаты немесе докторының мақалаға берген пікірі (ғылыми дәрежесі жоқтарға).

Мақалалар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде жазбаша және электрондық тасымал құралымен 2018 жылдың 20 қазанына дейін мына мекен-жайда қабылданады: Қазақстан Республикасының ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы. Тел. 8(727)337-48-60. E-mail – turysbekov.1956 @mail.ru.