«Қазақстан экономикасын жаңғырту – мемлекеттің қаржы жүйесі мен ұлттық валютасының тұрақтылық факторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2018 жылдың 9 қарашасында Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 25 жылдығына арналған «Қазақстан экономикасын жаңғырту – мемлекеттің қаржы жүйесі мен ұлттық валютасының тұрақтылық факторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.

Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарланған:

– Қазақстанның қаржы секторын дамыту және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;

– Экономиканың құрылымдық өзгеріс жағдайында ұлттық валютаның рөлі;

Экономиканы тұрақты дамыту және цифрландыру тұрғысында қазақстанның есеп жүйесін дамыту;

Қазақстан экономикасын жаңғырту жағдайында мемлекеттік аудитті дамытудың негізгі бағыттары;

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстан Республикасының экономикасын басқару: жаңа даму мүмкіндіктері;

- Туризм жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғыртуды қамтамасыз ету факторы ретінде.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдарын (қатысушының өтініші (қосымша берілген нысан бойынша) және жарияланым мәтіні электронды және қағаз түрінде) 2018 жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде конференцияның ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол түрде тапсыру қажет. Жіберілген жұмыс конференцияның редакциялық алқасына тапсырылады және қабылданған соң автордың электрондық поштасына мақаласын басылымға шығару шешімі жіберіледі. Мақаланы қайтарған жағдайда редакциялық алқа шешімінің нақтыланған жауабы жіберіледі.

Конференцияға қатысу шарттары:

–       көрсетілген мерзімде өтініш пен мақаланың мәтінін жіберу қажет;

–       ұйымдастыру жарнасы 4000 (төрт мың) теңгені құрайды (бағдарлама және мақалалар жинағының 1 данасын алу кіреді);

–       іссапар шығындары: конференцияға қатысушының өз есебінен;

–       мақалалар ұйымдастыру комитеті тарапынан, (формат *.doc) тіркелген файлмен және tenge25@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады;

–       конференцияға қатысуға келісім берілгеннен соң, қатысушылар сканер арқылы төлемақы түбіртегін келесі электрондық мекен-жайға жіберуі қажет: tenge25@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына мекен-жайдан алуға болады:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қажымұқан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертхана ғимараты (ОЗҒ), 514 кабинет. Байланыс телефоны: 7(7172) 70-95-00, ішкі: 32-514. Жауапты тұлға Кодашева Гаухар Смагиловна, ұялы тел. 8-701-462-86-86.

  

Ақпараттық хат