Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нұриманов Бекарыс Тілегенұлының «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша «Ежелгі дәуір және Қазақ хандығы тұсындағы әдебиетте ізгілік идеяларының жырлануы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Ыбыраев Шәкір Ыбырайұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті түркология кафедрасының профессоры (10.01.09 – Фольклортану).
Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары (10.01.02 – Қазақ әдебиеті).
Ғылыми кеңесшілері:
Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры.
Өжал Оғуз (Öcal Oğuz) – PhD докторы, Ғази Университетінің профессоры (Түркия, Анкара қ.).
Қорғау 2018 жылы 17 қарашада, сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы (№302 ауд.).
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: mainura_b@mail.ru (ғалым хатшы).