«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» журналының жаратылыстану-техникалық бағыттағы автоларына арналған «LaTeX форматында мақалалар әзірлеу» семинар-дәрісі

2018 жылдың қараша айының 16 күні сағат 15.00-де ЕҰУ-дың оқу-әкімшілік ғимаратының 352 аудиториясында Ғылым және инновация департаментінің Ғылыми басылымдар бөлімі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» журналының жаратылыстану-техникалық бағыттағы автоларына арналған «LaTeX форматында мақалалар әзірлеу» семинар-дәрісін өткізеді.

Семинарға «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы» журналының жаратылыстану-техникалық бағыттағы автоларын шақырамыз.

Баяндамашы: Ақсәуле Жұбанышева           

Бірінші семинарға қатыспаған авторларға алдын-ала 9.10.2018 күнгі презентациямен танысу қажет.

Семинарға қатысушылардың алдын-ала онлайн тіркелуден өтулерін сұраймыз (16.10.2018 дейін). Қатысушыларға орындардың шектеулілігін ескертеміз.