Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сайын Жазира «Қазақстандағы түркі этностарының лингвомәдени байланыстары (қазақ және түрік тілдерінің материалдары негізінде)» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сайын Жазираның «Қазақстандағы түркі этностарының лингвомәдени байланыстары (қазақ және түрік тілдерінің материалдары негізінде)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орындалған. Диссертация орыс тілінде корғалады.

Рецензенттер:

Манкеева Жамал Айтқалиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты лексикология бөлімінің бас ғылыми қызметкері; мамандығы: 10.02.06 -Түркі тілдері.

Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы – философия докторы (PhD), Сулейман Демирель атындағы университетінің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті тілдік білім беру, аударма және әдебиет кафедрасының СДУ қауымдастырылған профессоры; мамандығы: Шетел филологиясы (түрік тілі).

Ғылыми кеңесшілер:

Каиржанов Абай Каиржанович – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түркітану кафедрасының профессоры.

Нуреттин Демир – доктор, Хаджеттепеуниверситетінің профессоры (Анкара, Түркия).

Диссертация 2018 жылдың 16 қараша айында, сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде қорғалады.

Мекен жайы: Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2, Бас ғимарат, Диссертациялық кеңестің отырыс залы (№302).

Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: sajasata@mail.ru

 

Аңдатпа (қаз.)

Аңдатпа (орыс)

Аңдатпа (ағылшын)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ресми рецензент Ж.А. Манкееваның пікірі

Ресми рецензент А.А. Құрманәлі Чакыроглудың пікірі