«Жаратылыстану ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді «Гусиный перелет» табиғат ескерткіші ашылуының 90 жылдығына орай «Жаратылыстану ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

ПМПУ ғалымдары аймақтың табиғи және тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге және сақтауға көп көңіл бөледі. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, олардың шешімі қазіргі заманғы қоғамның табиғи мұраларын пайдалану жүйесін зерттеуге тікелей байланысты.

Конференияға ғалымдар мен жоғарғы және арнайы орта оқу орындары мұғалімдерін; студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды және ғылыми ізденушілерді; орта мектеп және қосымша білім ұстаздарын шақырамыз.

Конференияның ресми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға Қазақстан Республикасы мен алыс- жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысады.

Конференцияға қатысу формалары: пленарлық отырыста сөз сөйлеу, бірнеше секцияның бірінде баяндамамен, сырттай қатысу.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Жаратылыстану зерттеулерінің қазіргі тенденциялары мен мәселелері;

2. Жаратылыстану білімі дамуының психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік аспектілері;

3. Табиғи, тарихи және мәдени мұраларды зерттеу және сақтау мәселелері;

4. Палеоэкология және экотуризм мәселелері;

5. Мұражайдың жаратылыстану экспонаттарының білім беру потенциалы.

Конференция бағдарламасы:

· Пленарлық отырыс

· Ғылыми бағыт бойынша секция отырысы

Конференцияның өткізілу орны мен уақыты

Өткізілу орны – үлкен зал (Мир к., 60, ПМПУ бас корпусы)

Қатысушыларды тіркеу 9.00 ден 10.00 дейін

Конференция жұмысының басталуы – 10.00

Конференцияға келу мақсатындағы шығындар қатысушылардың өз қаражатынан жұмсалады. Конферения мәліметтері мен өтініштері 2018 жылдың 5 қарашасына дейін, осы электронды мекенжайға: conference_pgpi@mail.ru жіберу керек. Бір жинақтың бағасы: оқытушылар, докторанттар мен магистранттар үшін – 3000 тенге, студенттерге – 2500 тенге. ТМД және алыс шетел мемлекеттерінің қатысушылары үшін үлес – 3000 тенге (530 руб., 10$).

  

Ақпараттық хат