«Тарихтағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері, Ақ Орда республикалық қозғалысы және Бәйдібек баба қорымен біріге отырып,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толуына орай

2018 жылы 7 қарашада «Тарихтағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция барысында отанды қорғау жолындағы қазақ батырларының өмірі мен ерліктері ғылыми тұрғыдан талданып, оның жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орны және «Мәңгілік елге» жеткізудегі маңызы жөнінде пікір алмасу өтеді.

Конференция мақсаты – Қазақ халқының азаттық соғыстарында қол бастаған және сол жолға өмірін арнаған батырлардың күреске толы тағдырының маңызын ашып көрсету. Азаттық жолындағы күрестер сабақтастығын талдай отыра, соның жемісі болған мемлекеттіліктің қалыптасу тарихын айқындау, ортаға ой салу, пікір алмасу.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

–         Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтының орны;

–         Қарасай батыр: өмір жолы мен қазақ тарихындағы рөлі

–         Қазақ-жоңғар соғыстары кезеңіндегі қазақ батырларының ел қорғау жолындағы күрестері.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшаларда беріледі.

Конференция  бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2018 жылдың 20 қазанына дейін ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.

Мекен-жайы: 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы.

Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-87), 87078737923.

e-mail: kafedra.kaz@gmail.com.

 

Ақпараттық хат