Төреқұлов оқуларының Үшінші халықаралық конференциясы

Құрметті әріптестер!

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті 2018 жылдың 29 қараша күні тұңғыш қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлұлының мерейтойына арналған Төреқұлов оқуларының Үшінші халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Конференцияның мақсаты дипломат, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер әрі ғалым-шығыстанушы Нәзір Төреқұлов мұраларын тереңірек зерттеп зерделеу, сондай-ақ қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.  

Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысады.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс жасамақ:

1.     Нәзір Төреқұловтың Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қалыптасуына қосқан үлесі және қазіргі заманғы дипломатия;

2.     XXI ғ. халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері;

3.     Жаһандану дәуірінде сандық дипломатиясының рөлі;

4.     Халықаралық қатынастардың заманауи жүйесіндегі экономикалық дипломатия.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндамаларды конференция материалдары жинағына жария ету үшін 2018 жылдың 1 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына төмендегі құжаттарды қоса жіберу қажет:

1. Үлгі бойынша толтырылған өтініш (үлгі қосымшада);

2. Электронды нұсқада баяндама мәтіні (талаптар мен үлгі қосымшада);

3. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ есеп-шотына 4 000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын аударғандығын куәландыратын төлем құжатының көшірмесі.

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша іріктеліп алынған материалдар конференция жинағында жарияланады. Баяндамаларда ешқандай грамматикалық және стилистикалық қателіктер кездеспеу керек. Баяндамалар редакция тарапынан түзетілмейді.

Конференцияға қатысу шығындарын (келіп-кету, қонақ үй, тамақтану) қатысушы өзі төлейді.

Ұйымдастыру жарнасына конференция жұмысына қатысу, материалдың жинақта жариялануы және кофе-брейк енеді.

Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Сатпаев көшесі 2-үй, ЕҰУ оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 208 аудитория (Тұңғыш Президент аудиториясы)

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Сатпаев көшесі 2-үй, ЕҰУ оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, Халықаралық қатынастар факультеті, 401 кабинет

Анықтама телефоны: 8 701 571 38 38 Сания Нурдавлетова

Халықаралық қатынастар кафедрасы – 31-447

email: saniyanm83@mail.ru.

Ақпараттық хат