«Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ-ға 20 жыл: ынтымақтастық және жетістіктер» атты халықаралық конференция

Қазқастан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік мекемесі ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Астанадағы ЕҚЫҰ-ның бағдарлама Кеңсесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен 2018 жылғы 11 қазанда «Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ-ға 20 жыл: ынтымақтастық және жетістіктер» атты халықаралық конференциясын өткізеді.

Халықаралық конференция ЕҚЫҰ-ның әлемдегі атқарып жатқан рөлін және 20-жылдық кезеңдегі Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасын талқылау мақсатында өткізіледі.

Конференцияға қазақстандық және шетелдік саяси, іскерлік және ғылыми элитасы, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады.

Өтетін орны: Астана қ., А.Бөкейханұлы көшесі, 1, Назарбаев орталығы.

Басталуы: сағат 09:00-де, тіркеу: сағат 08:00-ден.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін іс-шараға қатысуыңызды растап, қатысушылар тізімін рұқсатнама дайындау үшін жеке куәліктің мәліметтерін келесі телефондар мен электрондық пошта арқылы жіберулеріңізді сұраймыз: + 7 7172 75-28-62, +7 7172 75-13-00.

E-mail: a.shaikova@yandex.kz.