«Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі » атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 26 қазанында ұлттық термин жасау ісінің тарланбозы, ғалым, аудармашы, жазушы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі » атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция төмендегі секциялар аясында өтеді:

1. Ісләм Жарылғапов және қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

2. Терминология және аударманың өзекті мәселелері

Конференцияға қатысамын деушілер өтінішін, өзі туралы мәліметті және ғылыми мақаласын (3-5 бет) 2018 жылдың 15 қазанына дейін terminkonf@mail.ru электронды поштасына жіберулері қажет.

Байланыс: 8 (7212) 56-74-76.