Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Б.С. Омирбаева 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Омирбаева Бибигуль Сериковнаның 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Бәсекеге қабілетті денсалық сақтауды қалыптастыру: теория, әдіснама, жүзеге асыру жолдары» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасы (Астана қ., Қазақстан Республикасы) мен Андонг ұлттық университеті (Андонг қ., Онтүстік Корея) базасында орындалған. Қорғау тілі – орыс тілінде.

Рецензенттер: Жакупова Шахарбану Шормановна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, вице-президент, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»; Рахимбекова Асель Ермековна – PhD, доцент, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, «Экономика» кафедрасы, мамандығы 6D050600 – «Экономика».

Ғылыми кеңесшілері: Байжолова Раиса Алиевнаэкономика ғылымдарының докторы, профессор (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ); Санг Куи Ли PhD, профессор (Андонг ұлттық университеті, Онтүстік Корея).

Қорғау 2018 жылдың 27 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 10.00, Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2, ОӘҒ, № 302 ауд. Мекен-жайы бойынша өтеді.

Cайт мекен-жайы – www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz

 

Аннотация (3 тілде)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ресми рецензент Ш.Ш. Жакупованың пікірі

Ресми рецензент А.Е. Рахимбекованың пікірі