Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін М.А. Жанабергенова 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Жанабергенова Мира Айтпаровнаның 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша «Евразиялық интеграция кеңістігінде Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі: теория, бағалау методологиясы және қамтамасыз ету механизмі» тақырыбында дайындалған диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасы (Астана қ., Қазақстан Республикасы) мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Москва қ., Ресей) базасында орындалған. Қорғау тілі – орыс тілінде.

Рецензенттер: Садыков Еркин Токмухамедович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, БҒМ ҒК, төраға орынбасары, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару»; Алпысбаева Сара Нурбековна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Макроэкономикалық зерттеулер және жобалау орталығы, директор, мамандығы 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару».

Ғылыми кеңесшілері: Азатбек Толқын экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ); Тарануха Юрий Васильевич экономика ғылымдарының докторы, профессор (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей).

Қорғау 2018 жылдың 27 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте сағ. 13.00, Астана қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 2, ОӘҒ, № 302 ауд. мекен-жайы бойынша өтеді.

Cайт мекен-жайы – www.enu.kz, e-mail: enu@enu.kz

 

Аннотация (3 тілде)

Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

Ғылыми кеңесшінің пікірі

Шетел кеңесшісінің пікірі

Ресми рецензент Е.Т. Садыковтың пікірі

Ресми рецензент С.Н. Алпысбаеваның пікірі