26-27 қыркүйекте «Аstana Media Week» апталығы өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен «Аstana Media Week» аясында ағымдағы жылдың 26-28 қыркүйегі аралығында «Қазмедиа орталығы» алаңында медиа апталығын өткізу жоспарлануда.

Осылайша, 26 қыркүйекте шетел делегацияларының, республикалық және өңірлік телеарналардың, еліміздің түкпір-түкпірінен продакшн-компаниялардың қатысуымен «контент-маркет» көрмесін өткізу көзделген. Жаңа телебағдарламалардың, реалити-шоулардың, көркем, деректі және мультипликациялық фильмдердің тұсауын кесу үшін питчинг ұйымдастырылады. Онда продакшн-студиялар әлеуетті инвесторларға өздерінің эксклюзивті бейнеконтентін ұсынатын болады.

Бұдан басқа 27 қыркүйекте журналистер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, журналистика және PR саласындағы спикерлердің қатысуымен медиа саланың проблемалаық және одан әрі даму мәселелерін талқылауға бағытталған «Өңірлік БАҚ форумы» өтеді.

Қосымша