2018 жылдың 21 қыркүйек күні Филология факультеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен мастер-класс өтеді. Мастер-класқа Монтерей аударма мектебінің оқытушысы, Халықаралық синхронды аудармашылар қауымдастығының мүшесі (АІІС), СССР және Ресей Федерациясының, АҚШ Президенттігінің атақты синхронды аудармашысы профессор Андрей Фалалеев келеді.
Семинар тақырыбы – «Синхронды аударма – жауынгерлік өнер»
Семинар уақыты: сағ 14:00
Семинар өтетін орын: ОЗҒ, 821 ауд.