«Институционалдық зерттеулер және деректер визуализациясы: теориялық және практикалық аспектілер» атты семинар

Құрметті әріптестер!

«КИМЭП Университеті» (КИМЭП) АҚ және «Назарбаев Университеті» (НУ) ДББҰ бірігіп 2018 жылдың 12-ші және 19-қазанында «Институционалдық зерттеулер және деректер визуализациясы: теориялық және практикалық аспектілер» тақырыбындағы семинарды өткізуді жоспарлауда.

Семинардың мақсаты: тыңдаушыларды институционалдық зерттеулердің мақсаттарымен, функцияларымен таныстыру, сонымен қатар, оларды жүргізудің әдіс-тәсілдерін зерттеу.  

Семинарға қатысуға институционалдық зерттеулерді жүргізетін және сауалнама алу (студенттерден, профессор-оқытушылар құрамынан және жұмыс берушілерден) жұмыстарын үйлестіретін жоғарғы оқу орындарының (одан әрі – ЖОО) құрылымдық бөлімдерінің өкілдері; ЖОО жұмысының сапа мониторингі және менеджменті бөлімдері мен орталықтарының қызметкерлері; білім сапасын бағалау саласындағы зерттеушілер мен талдаушылар шақырылады.

Семинар 2018 ж. 12-қазанында КИМЭП Университетінде (Алматы қаласы) және 2018 жылдың 19-қазанында Назарбаев Университетінде (Астана қаласы) өткізіледі. Қатысушылар екі қаланың біреуінде семинарға қатыса алады. Семинарға қатысу тегін. Іссапар шығыстарын төлеу жіберуші жақ есебінен жүргізіледі.

Семинардың ресми тілі – орыс тілі. Шетел баяндамашылардың баяндамалары аудармамен қамтамасыз етіледі.

Семинарға қатысу үшін 2018 жылдың 2 қазанға дейін https://goo.gl/forms/W268yW0hbmp1VnUB3 сілтемесі бойынша онлайн тіркелу үлгісін толтыру керек, немесе қосымшадағы тіркелу формасын (Қосымша 1) толтырып, «Институционалдық зерттеулер бойынша семинар» деп белгілеп, ir@nu.edu.kz электрондық адресіне жіберу керек. Тіркелу барысында қиындықтар туындаған жағдайда +7(7172) 70-90-11 телефонына немесе ir@nu.edu.kz. электрондық адресі арқылы хабарласуға болады.

Семинар интерактивті түрде өткізілетіндіктен қатысушылардың орындар саны шектеулі. Осыны ескере отырып және барынша көп ЖОО өкілдерін қамту мақсатымен, семинарға тек 2018 жылдың 5 қазанға дейін тіркеу туралы растау хатын алған мамандар ғана қатыса алады.Семинардың ұйымдастыру мәселелері бойынша келесі тұлғаларға хабарласыңыз:

Ерболат Асылбек

Провост Офисінің менеджері

Назарбаев Университеті

тел: +7 (7172) 70-90-11

e-mail: yerbolat.assylbekov@nu.edu.kz

Айша Ахметбаева

Ғылыми қызметкер

Академиялық және институционалдық зерттеулер бөлімі

КИМЭП Университеті

тел: +7(727) 270-44-40 (і. н. – 2142)

е-mail: a.akhmetbayeva@kimep.kz

 

Ақпараттық хат