Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хабаршысы (БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне енгізілген) журналының 2018 жылдың желтоқсан айында шығарылатын кезекті басылымы Жас-ғалым педагогтарға арналатынын хабарлаймыз.
«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы» журналына мақалаларды жариялау талаптары:
– бұдан бұрын жарияланбаған, түпнұсқалық ғылыми жұмыстар қабылданады;
– жұмыстың өзектілігі (тұжырымдар мен ғылыми-практикалық мәні, идеялардың, әдістердің, технологиялардың қолданылуы);
– ғылыми зерттеу нәтижесі (жаңалығы, өзгешелігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы);
– құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі);
– Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелерінің сақталуы;
– автордың мақаласына сырттан пікір болуы;
– пайдаланылған әдебиеттер тізімі 7-ден кем емес;
– барлық мақалалар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%.
Редакцияның мекен жайы: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99. Бас оқу ғимараты, Ғылым бөлімі, 105.
Тел.: 8(717) 233-17-67 (Чакенова Балжан Абылқанқызы)