«Шеттілдік білім беру: озық тәжірибелер, жаңашылдығы мен болашағы» атты V ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 12-13 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Шеттілдік білім беру: озық тәжірибелер, жаңашылдығы мен болашағы» атты V ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: шеттілдік білім беру мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тәжірибесін ой елегінен өткізу, жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары арасында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында шеттілдік білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы инновациялық тәжірибелермен бөлісу үшін халықаралық сұхбат алаңын құру.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

1. ТМД және ШЫҰ елдерінің лингвомәдениетанымдық әдіснамасы негізіндегі шеттілдік білім беру парадигмасы.

2. Қазақстан Республикасындағы үштілділік мәнмәтініндегі лингвомәдениетанымдық әдіснамасы негізіндегі шеттілдік   білім беру парадигмасы.

3. Мемлекеттік тіл реформасы – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының маңызды мәселесі.

4. Бейіндік мектепте білім берудегі құзыреттілік тәсіл.

5. Шетел тілін ерте жастан оқытудың инновациялық технологиялары.

6. Кәсіби шеттілдік білім беруді құзыреттілік үлгілеу.

7. Аударма және мәдениетаралық қатысымның талдап түсіндіру алаңы.

8. Лингвистика және шетел филологиясының теориялық және қолданбалы қырлары.

9. Заманауи ақапараттық-қатысымдық жүйелер мен технологиялар шеттілдік білім берудің құрамдас бөлігі ретінде.

10. Жастардың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі.

11. Заманауи саяси үдерістегі өзгерістер және әлемдік саяси жүйедегі жаһандық ілгерілеу.

12. Заманауи халықаралық және ұлттық құқықтың дамуындағы өзекті үрдістер.

13. ҚР әлеуметтік жаңғыру жағдайындағы Қазақстанның стратегиялық артықшылықтары және елдің экономикалық мүддесін қорғау тетіктері.

14. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың (шығыстану, менеджмент, туризм және т.б.) дамуының заманауи үрдістері.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға ЖОО, колледж оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер және мүдделі адамдар шақырылады.

Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.

Өтінімдер мен мақалаларды жіберу мерзімі: 2018 жылдың 26 қазанына дейін.

Мақалалар конференцияның жауапты хатшысы З.Д.Шаймардановаға жіберіледі : shaimardanova.z@ablaikhan.kz.

Жарияланымның бағасы – 3 500 теңге, докторанттар, магистранттар және студенттер үшін – 2 500 теңге.

Жинақты тарату көзделмеген (өзіңіз алып кетесіз).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитетінің конференция тақырыбына немесе талаптарға сай ресімделмеген ғылыми мақалаларды жарияламауға құқығы бар.

Тел.: 8 7272 92 03 84 (ішкі:1074).

 

Ақпараттық хат