«Шәкәрім мұрасы және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай 2018 жылдың 17-19 қазаны аралығында «Шәкәрім мұрасы және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

·  Шәкәрім және әдеби процесс: тарихы, бүгіні, болашағы

·  Шәкәрім және қазақ әдеби тілінің дамуы

·  Шәкәрім және заманауи білім беру мәселелері

·  Шәкәрім және Мәңгілік ел идеясы: тарих пен тағылым, дін және философия

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.

Пленарлық отырыс 2018 жылдың 18 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің бас ғимаратында

( Тәңірберген көшесі, 1)   сағат 10-00 да басталады.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

– белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;

– төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала;

– ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртек көшірмесі.

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 4000 теңге. Конференцияға қатысушылардың іс-шығындары өз есептерінен немесе   жіберуші жақ есебінен төленеді.

Конференцияға қатысушылардың келуі – 2018 жылдың 17 қазаны

Конференцияға қатысушылардың кетуі – 2018 жылдың 19 қазаны

Ұйымдастыру комиссиясының мекенжайы: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақ филологиясы факультеті, Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы, №7 оқу ғимараты, № 511 каб.

Байланыс телефондары: 8 7222 318477, 8-747-063-10-69, Қаршыға Қайроллақызы (қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент), 8-775-757-01-59, 8-707-190-38-65 Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы

Ақпараттық хат