Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

2018-2019 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды.

Құжат қабылдау 2018 жылдың 15 қазанға дейін жалғасады. Бағдарламаға 2-3 курс студенттері, 1 курс магистранттары қатыса алады.

Қажетті құжаттар мен серіктес ЖОО-ның тізімін төмендегі сілтемеден табуға болады http://www.enu.kz/ru/sotrudnichestvo/obuchenie-po-obmenu/programma-akademicheskoy-mobilnosti/ (www.enu.kz => сотрудничество => академическая мобильность => программа академической мобильности по двусторонним соглашениям).

Толық ақпарат алу үшін Халықаралық білім беру бағдарламалар бөліміне (407 каб., ОӘК) келуіңізді сұраймыз.