«Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2018 жылдың 23 қарашасында «Қазіргі замандағы ғылым және білімнің дамуындағы тенденциялар» тақырыбында «Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі:

1. Педагогикалық ғылым мен білім беру дамуының өзекті мәселелері.

2. Химия ғылымдары мен білім берудегі теориялық және практикалық аспектілері.

3. Жаратылыстану-техникалық ғылымдарының мәселелері мен даму болашағы.

4. Гуманитарлық ғылымдардың дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар.

Пленарлық отырыс 2018 жылдың 23 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қазақстан к., 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, акт залында өтеді.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, профессорлар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері шақырылады. Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушы және жіберуші тарап есебінен жүргізіледі.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 1 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

–  белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтініш;

–  төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала;

–  ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, 403 каб., тел: 8 (7232) 241-401.

Ақпараттық хат