«Заманауи білім: әдіснама, теория мен тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жұмысына қатысуға жалпы, кәсіби, қосымша білім беру саласының мамандары, магистранттар, аспиранттар, докторанттармен қатар талқыланатын мәселеге қызығушылық білдірген тұлғалар шақырылады.

Өтетін күндері: 26-27 қазан, 2018 ж.

Өтетін уақыты: 9.00 – 17.00

Өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Тараз қ., Төле би көш., 68-үй. Тараз мемлекттік педагогикалық университеті, № 2 ғимарат.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің мақсаты – ғылым мен білімнің басым бағыттары бойынша мәселелерді талдау және саралау, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік ғалымдар арасында ғылыми байланыс орнату.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының бағыттары:

1.     CLIL технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі;

2.     Педагогикалық кадрларды дайындаудың жүйесін модернизациялау: дуальді оқыту (Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің негізінде)

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу формалары:

қатысу:

– баяндама оқу;

– баяндаманың өзге қалалардағы қатысушыларға арналған бейнетаспасы;

– тыңдаушы ретінде қатысу.

сырттай қатысу:

ғылыми-практикалық конференцияны жинағына мақала жіберу.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

2018 жылдың 1-қазанына (қоса есептегенде) дейін ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне келесі құжаттарды жіберу міндетті.

Барлық құжаттарды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының nauka.targpi@mail.ru электронды адресіне жіберу керек.

Ұйымдастыру комитеті мақала авторларына мақалалардың қабылдануы туралы ескерту хат таратады. Егер Сіз хат алмаған болсаңыз, өтінеміз, хатты қайта жіберіңіз.

Мақаланың төлем ақысын тек қабылданған соң ғана жасаңыз!

Конференцияға қатысудың ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге. Ұйымдастыру жарнасына: мақалалар жарияланымы + қатысушы сертификаты.

Ақпараттық хат