Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары

2018 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 10-00-де 6D051700-«Инновациялық менеджмент», 6D050700-«Менеджмент» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары өтеді.

Күн тәртібінде:

1. Утегенова Жулдыз Сайрановнаның 6D051700-«Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін ұсынылған  «Өндірістік саладағы кәсіпорынның инновациялық әлеуетін басқару механизмін жетілдіру (Ақмола облысының материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Менеджмент» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері: Толысбаев Б.С. – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі;

Суслов В.И. – экономика ғылымдарының докторы, экономика мен жоспарлаудағы математикалық әдістерді қолдану кафедрасының профессоры, Новосібір мемлекеттік университеті (Новосібір қ. Ресей Федерациясы).

2. Молдакенова Еркежан Коксегеновнаның 6D051700 – «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін «АӨК-нің инновациялық дамуын басқарудың аймақтық аспектілері (Шығыс Қазақстан облысы материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Менеджмент» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері: Толысбаев Б.С. – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі;

Суслов В.И. – экономика ғылымдарының докторы, экономика мен жоспарлаудағы математикалық әдістерді қолдану кафедрасының профессоры, Новосібір мемлекеттік университеті (Новосібір қ. Ресей Федерациясы).

Талқылау Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық ғимаратының №605 ауд. өтеді.