Ғылым комитеті 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына және мемлекеттік ғылыми стипендияларға ізденіс конкурсын жариялайды

29 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялады.
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурстардың шарттарын www.scedu.kz/about/memlekettik-siiliktar-men-stipendiyalar сайтының «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады. Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО)(http://gov4c.kz сайтында мекен-жайлар көрсетілген) қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша ЕҰУ-дің Ғылым бөліміне (оқу-әкімшілік ғимарат, 408 каб.) хабарласуға болады: +7 (7172) 709500 (ішкі: 31-403).

 

Конкурс материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар