2018 жылдың 26 қыркүйегінде сағ. 10.00 – де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D010300 – «Педагогика және психология», 6D050300 – «Психология», 6D010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», 6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары болады.
Күн тәртібінде:
1. Сейдина Мөлдір Зикировнаның 6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Болашақ әлеуметтік педагогтардың толеранттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.
Ғылыми кеңесшілері: Меңлібекова Г.Ж. – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры; Мардахаев Л.В. – Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу).
2. Кажимова Қарлығаш Рахымовнаның 6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Этнопедагогикалық білім беру негізінде студенттердің кәсіби құндылықтарын дамыту»
тақырыбындағы диссертациясын талқылау.
Ғылыми кеңесшілері: Шалғынбаева Қ.Қ. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Сламбекова Т.С – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты; Мардахаев Л.В. – Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу).
3. Аюпова Гүлбаршын Тұрағұловнаның 6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық дамуындағы ерекшеліктер» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.
Ғылыми кеңесшілері: Ерментаева А.Р. – психология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры; Албытова Н.П. – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты; Мардахаев Л.В. – Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Мәскеу).
Диссертациялық жұмыстар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасында орындалған.
Талқылау Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 317 аудиториясында өтеді (корпус №4).