«Жібек жолындағы сұхбат-2018» атты халықаралық жоба

Қазақстан халқы Ассамблеясы 2018 жылғы 27-28 қыркүйекте Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 наурыздағы №159 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылғы дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 42-тармағына сәйкес «Жібек жолындағы сұхбат-2018» атты халықаралық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Аталған жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2006 жылдан бастап Орталық Азия өңіріндегі шығармашыл және ғылыми зиялы қауымның қатысуымен өткізіліп келеді. Биылғы жоба аясында Жібек жолы бойындағы елдердің жастар арасында бейбітшілікті нығайтуға бағытталған дөңгелек үстелдер, сұхбаттар мен танымдық кездесулер ұйымдастыру көзделген.

Осыған орай, аталған тақырыпқа қызығушылық танытатын тарих, мәдениеттану, этнология жәнее басқа да гуманитарлық салалардағы жас ғалымдар шақырылады.

Іссапар шығындарын өтеу іс-шараға баяндамамен қатысқан дәріскерлерге қарастырылған.

Қатысуға өтінім 2018 жылғы 20 тамызға дейін Ank_org@mail.ru поштасына жіберу керек.

Байланыс: 8 (7172) 74-12-60 (Марлен Теміров)