«Астананың мәдени мәтіні» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылдың 23-24 тамыз күндері «Астананың мәдени мәтіні» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысына сәулетшілер, дизайнерлер, философтар, мәдениеттанушылар, әдебиетшілер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, мұрағатшылар, мұражай және кітапхана қызметкерлері, журналистер, фотографтар және басқа да Астананың өткені, бүгіні мен болашағына қызығушылық танытатындар қатысады.