Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары

Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары

2018 жылдың 28 тамызында сағ. 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D010300 – «Педагогика және психология», 6D050300 – «Психология», 6D010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі», 6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғылыми семинары болады.

Күн тәртібінде:

1.          Қалымжанова Роза Лаиковнаның 6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Синхронность развития речевой культуры студентов в условиях информационно-коммуникационных технологий обучения (на примере специальности «Социальная педагогика и самопознание») тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері: Қалкеева К.Р.– педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры; Егорычев А. М. – философия ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры (Мәскеу қ.).

2.         Рақышева Гүлмира Мадиевнаның 6D0103000 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Психолого-педагогические основы формирования транскультурной компетентности у будущих педагогов в условиях университетского образования» тақырыбындағы диссертациясын талқылау.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері: Абибулаева А.Б. – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры; Егорычев А. М. – философия ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры (Мәскеу қ.).

Талқылау Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 317 аудиториясында өтеді (№4 оқу ғимараты)