“Қазақстан Республикасының құқықтық жаңғыртуының қазіргі замандағы трендтері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

“Қазақстан Республикасының құқықтық жаңғыртуының қазіргі замандағы трендтері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанға еңбегі сіңген заңгер, профессор З.Л. Федотованың 80 жылдық мерейтойына орай “Қазақстан Республикасының құқықтық жаңғыртуының қазіргі замандағы трендтері” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция 2018 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы, Абай даңғылы 33А мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтеді.

Конференцияның жұмыс уақыты 10:00-ден 13.30-ға дейін.

Қатысушыларды тіркеу 9:00-де басталады.

Конференцияға қатысу үшін 15 қыркүйекке дейін өтініш пен баяндама мәтінін Ұйымдастыру комитетінің konfa80@mail.ru электрондық поштасына салу қажет.

Конференция материалдары жинағының электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының www.pa-academy.kz сайтында орналастырылатын болады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 75-33-27, 75-32-04.